Қызылкөл — Кіші Сарыоба алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданы Ынтымақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 310 м биіктікте жатыр.
Аумағы Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км.
Жер бедері мен гидрографикасы Күрделі пішінді көлдің жағалауы негізінен жазық және ашық. Батысы мен оңтүстік жағалауында қамыс шоғырлары кездеседі. Суы қараша айының 2-онкүндігінде қатып, сәуір айының 1-онкүндігінде ериді. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аршалы ауданы көлдері