Хуршидбану Натаван Мехтикулиханқызы (; (лақап аты — Xан қызы) (6 сәуір 1832, Шуша қаласы —2.10. 1897, сонда) — азербайжан ақыны. Дәулетті отбасында туып, білім алды. Парсы, араб және орыс тілдерін білді. Шушада «Меджлиси унс» («Достар жиыны») атты әдебиет үйірмесін басқарды. Натаван өлеңдерін аруз үлгісімен жазды. Шығармаларына қайтыс болған ұлының қайғысын арқау етті («Мен жылаймын», «Ғайып болды» т. б.). Мұнда әлеуметтік мотив басым, қоғамдағы әйелдер теңсіздігіне наразылық айқын танылады.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер

Санат:Әзербайжан ақындары Санат:Әзербайжан жазушылары Санат:Әзербайжанда қайтыс болғандар Санат:Әзербайжан әйелдері