Достар – Малайсары жотасының солтүстігінде орналасқан тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданында. Абсолюттік биіктігі 1032 м.
Жер бедері Тау негізінен ұсақ үш шоқыдан тұрады. Батысында Көкшелі тауы, солтүстік-батысында Мойынқұм құмы, солтүстігінде Жетіжал құмы мен Алтуайт тауы орналасқан. Шығысынан Түрксіб темір жол өтеді.
Өсімдігі Беткейіндегі бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы