Санайя Ирани (; 17 қыркүйек 1983 жыл) – үнді әртісі, актриса, бірнеше Miley Jab Hum Tum[en], Left Right Left[en] , «Мұздан суық, оттан ыстық» сияқты атақты телехикаяларда рөл ойнап атақты болды. Sony TV каналында 2013 жылдан бастап «Чанчан» хикаясында түсірілімде.
Мансабы Санайя Ирани Мумбаида туылып, оқуының басталғанына дейін сонда тұрды. Мектеп білімін Ути қаласында алды. Оқуын Sydenham College–де жалғастырды.
Санайяның мансабы (басында әртістіктен гөрі, моделді көбірек) Bharti Airtel[en], Reliance Communications[en] және Pepsi компанияларында бірнеше жарнамалық роликке түсуден басталды.
Толымды әртіс мансабы 2006 жылы «Соқыр махаббат» филімінің басты кейіпкер Зулидің құрбысы Бобо рөлімен басын алды.
Өзінің ең басты рөлін Санайя Ирани STAR One каналындағы Miley Jab Hum Tum[en] хикаясында алды. Zara Nachke Dikha хикаясының екінші маусымында кішігірім рөлі болды.
Miley Jab Hum Tum[en] хикаясы біткен соң, Санайяға «Мұздан суық, оттан ыстық» телехикаясының басты рөлі (Кхуши Кумари Гупта) берілді. Бұл рөлінің арқасында Санайя Ирани тек Үндістанға ғана емес басқа да елдерге танымал болды. 30 қараша 2013 жылы біткен, «Мұздан суық, оттан ыстық» хикаясы, қазіргі Үнді хикаяларының оңдығына кіріп, көптеген жанкүйерлер тапты.
2013 жылы Санайя Ирани қазіргі замандағы өжет қызды «Чанчан» хикаясында ойнады.
Жеке басы 2009 жылдан бастап Miley Jab Hum Tum[en] хикаясының түсірілімдегі серіктесі Мохит Сегал мен кездеседі. 2016 жылдың 25 қаңтарында екеуі Гоада үйленеді. Жақын досы - "Left Right Left" және "Miley Jab Hum Tum" хикаяларындағы серіктесі - Арджун Биджлани. Жақын құрбысы - Драшти Дхами. "Мұздан суық, оттан ыстық" телехикаясына бірге түскен барлық актерлермен достық қатынастары қалыптасқан..
Түсірілімі
Телехикаялар
ЖылыХикаяРөліКанал 2008 Left Right Left[en] Кадет Самира Шрофф SAB TV 2008 Radhaa Ki Betiyaan Kuch Kar Dikhayengi Санайя NDTV Imagine 2008—2010 Біз кездескен кезде Gunjan Bhushan Shergill STAR One 2011—2012 «Мұздан суық, оттан ыстық» Куши Кумари Гупта Сингх Райзада STAR Plus 2013 Чанчан[en] Чанчан Сарабхаи Sony TV 2013 Құштарлық бояулары Парвати (Паро) Sony TV
Телевизиялық шоу ЖылыШоуРөліКанал 2010 Zara Nachke Dikha — Season 2 Қонақ (қожайын) STAR Plus 2010 Meethi Chhoori No. 1 Қатысушы NDTV Imagine 2013 Welcome - Baazi Mehmaan-Nawaazi ki Конкурсқа қатысушы Life OK 2013 Ishq Wala Love Жүргізуші (Караном Вир Гровермен бірге) Zee TV
Дереккөздер
Санат:1983 жылы туғандар Санат:Үнді актрисалары Санат:Үндістанда туғандар