Әлеуметтік география - адамдар өмірі ұйымдастырылуының кеңістіктік процестері мен нысандарың, ең алдымен, олардың еңбек етуі, тұрмысы, демалуы, жеке тұлғаның дамуы мен адам өмірін ұдайы жалғастыру жағдайлары жағынан зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның тармағы.

Әлеуметтік географиялық зерттеулердің ең шекті нысаны бүкіл адамзат болып табылады; нақты зерттеу нысандары — адамдардың әр түрлі аумактық қауымдастықтары, оның ішінде, олардың дамуының тарихи ерекшеліктері, құрылымы, өндіріспен және қоршаған ортамен байланысы, сондай-ақ әр түрлі аумақтық қауымдастықтардың арасындағы байланыстары, таптық, ұлттық, мамандық және басқа белгілері бойынша бөлінетін осы қауымдастықтың ішіндегі халықтың әр түрлі топтарының кеңістіктік мінез-құлығы және тағы да басқалары.

Әлеуметтік география мынадай жеке ғылымдар салаларына бөлінеді: елтану мәдени география экономикалық география мединицалық география тарихи география геоурбанистика туризм географиясы транспорт географиясы әлеуметтік география діндер географиясы халық/демография саяси география

Санат:География бөлімдері