Желтау – Қызыларай тау жүйесінің оңтүстігіндегі оқшауланған тау жүйесі.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде, Тоқырау өзенінің сол жағасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км-ге созылып жатыр, ені 6 км. Ең биік жері 1016 м. Желтау өңірі қоғам қайраткері, ғалым Ә.Бөкейхановтың мекені болған.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Сай-жыралармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Тас көмір жүйесінің төменгі жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, қараған, арша өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары