Асан — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Асан ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан солтүстікке қарай 115 км.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 500 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 511 адам (270 ер адам және 241 әйел адам) болса, 2009 жылы 578 адамды (294 ер адам және 284 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 555 адамды (295 ер адам және 260 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Асан атауы туралы ел әңгімесі Исатай көтерілісіне қатысып, көтеріліс жеңілген соң тығылып Таубұйратқа келген Асан есімді кісіні келтіреді. Ол көтеріліске белсене қатысқан, Исатайды жақтап халықтық билікті талап еткен көптің бірі, қарапайым кісі болған. Кезінде Исатай жасағының қоныс дайындаушысы болған адам. Өмірінің соңын бейбіт өмірмен өткізген, ол өлген соң қонысына есімі берілді.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Әлеуметтік және мәдени нысандары Б.Момышұлы атындағы орта мектеп — 1935 жылы бастауыш мектебі болып ашылды. 1954-1955 жылдары М.Горький атындағы жеті жылдық мектеп, 1981-1982 жылдары сегіз жылдық мектеп болып ірілендірілді. 1992 жылы М. Горький атындағы орталау мектебіне Бауыржан Момышұлының есімі берілді. 1999-2000 оқу жылында орта мектеп (11 жылдық) болып қайта құрылды. 2006 жылы 120 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды.https://momyshyly.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мектеп тарихы Асан ауылдық клубы

Елді мекендегі көшелер Болашақ көшесі Жиделі көшесі Тұрар Рысқұлов көшесі

Дереккөздер

Бейнетаспалар https://www.youtube.com/watch?v=E9oJNZLzzwU https://yandex.kz/video/preview/?filmId=9528187371944309781&from=tabbar&parent-reqid=1624540941863352-12541425823192632805-balancer-knoss-search-yp-sas-11-BAL-2132&text=%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD+%D0%B0%D1%83%D1%8B%D0%BB%D1%8B

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері