Агата Эдгаровна Муцениеце (үйленгеннен кейін — Прилучная; , 1 наурыз 1989, Рига) — латыш және орыс актрисасы және моделі.

Өмірбаяны Агата Муцениеце 1989 жылы 1 наурызда Ригада дүниеге келген. Әкесі бармен болып жұмыс істеген (Өмірден Агата кішкене кезінен өткен), анасы – аспазшы; үлкен әпкесі – Санта. Мектеп жасынан театрлық студия «Шкатулкаға» барған. Мектепті аяқтағаннан кейін модель ретінде жұмыс істеді, атақты италиндық аяқ киімнің маркасын жарнамалады, түсірілімдердің арқасында Еуропаның бірнеше мемлекетіне саяхаттады. Ригаға қайтып келіп, Латвиялық университетке түседі, бірақ 2008 жылы Мәскеуге көшіп барады және ВГИК-тің актерлік мамандығына түсіп 2012 жылы қызыл дипломмен аяқтайды.

2007 жылы кинода дебютке шықты. Ең атақты рөлі – «Жабық мектеп» (орыс. «Закрытая школа») деп аталатын телехикаядағы Дарья Старкованың рөлі.

Жарнамаларға түскен: «Билайн», «Nescafe», «МегаФон», «Евросеть», «Jardin», «Savage», Сбербанк, «OBI».

Жеке өмірі «Жабық мектеп» (орыс. «Закрытая школа») атты телехикаяны түсіру барысында актер Павел Прилучныймен танысады, тамызда 2011 жылы жастар жасырын үйленіп алады. 2013 жылы 11 қаңтарда олардың ұлы Тимофей дүниеге келеді. Актриса ресми түрде күйеуінің тегін алады, енді оның Муцениеце деген тегі бүркеме ат болып қалды.

Фильмография ЖылыҚазақша атыОрысша атыРөлі2007ІзСлед(эпизод)2010СтройбатяСтройбатяСветлана Архипова2010Көзге көрінбейтінНевидимки( «Гадина» эпизодында)2010-2012Жабық мектепЗакрытая школаДарья Старкова2012Кокаинмен ромаРоман с кокаиномЕгорованың құрбысы2012Менің ақылды отбасым!Моя безумная семья!Светлана2012ОйыншыларГеймерыМаргарита Смирнова2013Үш мушкетерТри мушкетёракүтуші Кэт2014Жасырын қала 2Тайный город 2Инга2014Ерлерде емес махаббатНе в парнях счастьеКатя2014Әдемі өмірКрасивая жизньЖанна2015КвестКвестСаша