Панлогизм ( - «бәрі» және - «ілім», «сөз», «ой») — болмыс пен ойлаудың барабарлығы туралы объективтік-идеалистік доктрина. Бұл доктрина бойынша табиғат пен қоғам дамуы дүниежүзілік зерденің, абсолюттік идеяның логикалық қызметінің жүзеге асуы болып табылады.

Логика заңдарын қандай да болсын дамудың бірден-бір қозғаушы күші деп тани отырып, Панлогизм болмыс пен сана өзара қатынасының оңіп теріс айналдырады. Сонымен бірге бұл көзқараста барлық тірлік иесін рациональдық, логикалық тануға болатыны туралы дұрыс ой ұшқыны байқалады. Панлогизм Гегельдің философиясында мейлінше толық дамытылғанФилософиялық сөздік / Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбдільдин,т.б.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1996.- 526.

Дереккөздер

Санат:Онтология Санат:Метафизика