Алексей Леонтьевич Леонтьев (1716 жыл, Мәскеу - 1786 жыл 12 мамыр, Санкт-Петербург) - орыстың қытай зерттеу ғылымы негізін салушылардың бірі, белгілі шығыс зерттеушісі.
Славян-грек-латын академиясын бітірген. 1743-1755 жылдары Пекинде тұрып, қытай, маньчжур тілдерін үйренді. Ол Сыртқы істер Коллегиясында аудармашы, кеңесші болып істеді. 20-дан астам қытай, маньчжур кітаптарын орыс тіліне аударды. Олардың қатарында «Да Сюэ», «Чжун-юн» сияқты кітаптар бар. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Ғалымдар