Жансеңгір, Жансүгір – Ерейментау тауларының батысында тұрған оқшау тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Жарық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Қарасу өзенінің оң аңғарында.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 483 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созыла орналасқан. Енді жері 1 км.

Геологиялық құрылымы Жоғарғы протерозойдың кварцит, құмтасты, порфирит жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Жансеңгірдің қиыршықтасты қара топырағында бетеге, боз, қайың, терек өседі.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары