Лактоглобулин (латынша lactis - сүт және globulus - түйіршік) - сүт сарысуының құрамында болатын ақуыз.

Суда нашар, ас тұзы ерітіндісінде жақсы ериді. Кристалл күйінде алынған. Молекулалық массасы 38000. Сиыр сүті құрамындағы ақуыздың 11%-і лактоглобулин үлесіне келеді. Лактоглобулин құрамында амин қышқылдарының барлық түрі бар. Сондықтан сүт - құнарлы тағам болып есептеледі.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Ақуыздар Санат:Сүт