Шорнақ — Түркістан облысындағы ауыл, Сауран ауданының (2021 жылдан) және Шорнақ ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Арыс-Түркістан каналының бойында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28552986 3680 123,2 1503 1875 124,8 1483 1805 121,7

Тарихы Мақта ұжымшары болып, Түркістан мақта тазалау зауытының дайындау пункті, астық қабылдау мекемесінің пункті болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Округ жерінде 18 ғасырда ежелгі Шорнақ қаласы болған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.

Дереккөздер

Санат:Сауран ауданы елді мекендері