Фонема ( - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.
Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады. Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.
Фонема вариациясы Фонема вариациясы ( - өзгеру) — фонемалардың қосымша варианттарының (аллофондардың) жалпы атауы. Олар негізгі вариантқа қарама-қарсы қойылып қаралады. Бұл құбылыс орыс тіліне тән.
Фонемалардың айырым белгілері Фонемалардың айырым белгілері — фонемаларды бір-бірінен ажырататын белгілер. Мысалы: т—д дыбыстарының айырым белгілері — олардың бірінің қатаң, екіншісінің ұяң екендігі, с—з дыбыстарының айырым белгілері — бірінің шұғыл, екіншісінің ызың, а—ә дыбыстарының айырым белгілері — олардың жуан-жіңішке екендігіне байланысты.
Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық Жалғы тіл білімінде фонемалардың дифференциалдық ( - ажырату) белгілері деп аталады. Фонемалардың жұптас жіктері Фонемалардың жұптас жіктері ( - жұп) — дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң, үнді-үнсіз, т. б. жұпталып жіктелуі. Фонемалардың негізгі белгілері Фонемалардың негізгі белгілері — фонемалардың варианттарына ортақ, фонетикалық өзгерістерге ұшырамайтын негізгі белгілері. Мысалы: а фонемасының негізгі белгілері: ашық, тіл арты, езулік екендігі. Жалпы тіл білімінде Фонемалардын конститутив белгілері ( - орнату, анықтау) термині колданылады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Фонетика