Хуан Себастьян дель Кано (; 1486/1487, Кастилия корольдігі (қазіргі Испания), Гипускоа аймағы, Бакстар елі, Гетариа — 1526 ж. 4-тамыз, Тынық мұхиты) — испандық теңізші.
Өмірбаяны
Жас кезінде қылмыскер болып, Италияда соғысқан. Қаржы тапқаннан кейін Севильеде отырықтап, сауда кемесінің капитаны болды. Кедейленіп, түрмеге түсе жаздайды; өзін құтқару үшін Магеллан экспедициясына жазылады.
Магеллан дүниеден өткеннен кейін экспедицияны бастап, 1522 жылдың 8-қыркүйегінде оны аяқтағандығымен белгілі. Ол «Виктория» кемесін Оңтүстік-батыс Азиядан Испанияға əкелді. Қайтар жол Элькано үшін өте қауіһпті болды, себебі, португалдармен қақтығыстың алдын алу үшін «Викторияны» Үнді мұхитының оңтүстік сулары жəне Африка жағалауы арқылы арқылы əкелді. 1522 жылдың 18-наурызында Элькано Амстердам аралын ашады, бірақ оған атау бермейді. Одан бөлек Испанияға 17 адам жетеді (кейінірек Жасыл Мүйіс аралындағы португалдардың тұтқындауында болған теңізшілер мен «Тринидад» кемесінің 4 адамнан тұратын командасы Испания жағалауына шығады). Магеллан «дəмдеуіштер аралында» қалуды жоспарласа, Элькано бүкіл əлемдік сапарды өзі таңдап алды. нобай|жол бағыты Осы экспедициясы үшін Карлос І (император Карл V) Эльканоға өзінің ерекше таңбасын тапсырады. Бұл таңбада Жер шары мен оның астында латын тіліндегі «Primus circumdedisti me» (лат. Сен мені бірінші болып айналып өттің) жазуы жазылған. Патша оған жылдық пенсияны белгілейді. Оның əңгімелерінің негізінде патша хатшысы Максимилиан Трансильван саяхат жайлы алғашқы жазбаларды жазады. Бұл жазба Еуропада үлкен танымалдылыққа ие болды.
Элькано «дəмдеуіштер аралына» Магеллан салған жолмен шыққан Лоайсаның экспедициясының капитаны ретінде қатысты. Бұл саяхат өте ауыр болып, адамдардың өлуі жоғары дəрежеде көрініс тапты. 1526 жылы 30-шілдеде адмирал Лоайса дүниеден өтеді, өз орнына сол кезде ауырып жүрген Эльканоны қояды. Бірақ оған ұзақ уақыт адмирал болу жазылмаған болатын. Осы жылдың 6 - тамызында Урданеттің көмекшісі өз дəптерінде жазады:
Сол күні-ақ оның денесі мұхитқа жіберілді.
Теңізшінің Отанында, Гетариада оның есімі тас тақташада мəңгілікке жазылған. Бұл тақташада төменгідей жазба жазылған:
Мария Эрнандес Дерниальдеден некесіз туған Доминго Элькано атты ұлы болды.
Дереккөздер Элькано, Хуан-Себастиан // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907. Мэйрин Митчелл. Эль-Кано — первый европейский кругосветный мореплаватель. В книге: Антонио Пигафетта. Путешествие Магеллана; Мэйрин Митчелл. Эль-Кано — первый европейский кругосветный мореплаватель. М. Мысль. 2000 Primer viaje alrededor del globo, Antonio Pigafetta. Spanish language translation by J.T. Medina, 1988, of the original Primo viaggio in torno al Globo Terracqueo, edition of 1800. ISBN 84-402-0630-5