Субетеге (бетеге, Festuca) - астық тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді,көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Масағы үш не көп гүлді. Субетегенің 300 - ге жуық, бұдан КСРО -да 51 болған, оның ішінде Қазақстанда 20 түрі белгілі. Барлық түрі дерлік құнды мал азығы, кейбір түрі қыста жапырақ тастамайтындықтан қысқы жайылым. Субетегенің көптеген түрі қолдан егіледі. Шаруашылыққа ең маңыды түрі шабындық субетеге. Шабындық субетеге Орманды, орманды дала аймақтарда ылғал жеткілікті жерлерде өседі. Гектарынан 50 центнер сапалы пішен алынады. 100 кг пішенінде ц60,2 азық өлшемі және 4,2 кг қорытылатын протеин бар. Қызыл субетеге Қызыл субетеге көбіне далада, тауда өседі. Жайылымға көп жыл пайдаланылады. Гектарынан 15- 25 центнер пішен шабылады, 100 кг пішенінде 50,3 азық өлшемі, 3-5 кг қорытылатын протеин болады. Көкшұнақ субетеге Көкшұнақ субетеге орманды даланың оңтүстгі , дала және шөлейт аймақта таралған. Көктемде, күзде мал жайылымы, қой жақсы семіреді. Гектарынан 3 - 5 центер пішен түседі, 100 кг -нда 52,2 азық өлшемі, 5 кг қорытылатын протеин болады. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 432 бет
Санат:Астық тұқымдасы