Соркөл – Жем алабындағы көл.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Астаусалды тауынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде.

Гидрографикасы Ауданы 13,3 км2, су жиналатын алабы 1020 км2.

Жағалау сипаты Жағасы тік жарлы. Жағалауы сай-жыралы, қатты тілімделген. Батыс жағасы жайпақталып, тақырға ұласады. Суы ащы. Көл жағалауында қыстау бар. Алабы – жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы көлдері Санат:Жем су алабы