Мешко I (Мечислав I, , ок. 935 жыл — 992 жыл 25 мамыр) - поляктың пястер әулетінен шыққан тұңғыш князьі (960-992). Өмірі Поляк мемлекеті Мешко I басқарған кезде қалыптаса бастады. Теңіз жағалауы үшін лютичтермен (967), Силезия мен Кіші Польша үшін Чехиямен (990) соғысты. Чех князьі Болеслав I Қаһарлымен одақтасып, «Қасиетті Рим империясын» әлсіретуге ұмтылды. 966 жылы христиан дінін енгізді. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,8 том, 19 бет
Дереккөздер
Санат:Князьдер Санат:Қолбасшылар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:Польша тұлғалары Санат:935 жылы туғандар Санат:992 жылы қайтыс болғандар