Жармағанбутов Амангелді Шәріпұлы (1942 жылы туған, Ерейментау ауданы Бестөбе) – заң қызметкері, ҚазКСР ІІМ еңек сіңңрген қызметкері, милиция генерал-майоры (1992). Щучинск тау кен-металлург. техникумын (1964), КСРО ІІМ Академиясын (1983) бітірген. 1964 – 70 жылы Қаратау тау кен-байыту комб-нда шахтер, Бестөбе кенішінде шебер, 1970 – 77 жылы Социялистік меншікті жымқырумен күрес бөлімінде аға инспектор, Бестөбе кентіндегі милиция бөлімінің, 1977 – 81 жылы Теңіз ауданы ішкі істер бөлімінің, 1983 – 90 жылы Целиноград ішкі істер көлік басқармасының, 1990 – 95 жылы Торғай облысы ішкі істер басқармасының, 1995 – 97 жылы Көкшетау облысы ішкі істер басқармасының бастығы болды. 1997 жылдан зейнеткерлік демалыста. Медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Ғылым