Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
Қысқаша өмірбаяны 1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған.
1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.
1991—1994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1994—1996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.
2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
Марапаттары «Ерекше еңбегі үшін» медалімен 1987 жылы, «Астана» медалімен 2000 жылы, «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен 2001 жылы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтолық медалімен 2005 жылы марапатталды, ҚР Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 2005 жылғы лауреаты.
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:1951 жылы туғандар