Қарасор — Нұра алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын ауданының шығысында орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 20 км2. Теңіз деңгейінен 322 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,6 км, енді жері 3,5 км, жағалау бойының ұзындығы 16,5 км. Су жиналатын алабы 276 км2. Жағалауы жайпақ, нашар тілімденген. Шығыс бөлігінде солтүстікке қарай бағытталған және суы мол жылдары Тұзащы көлімен қосылатын жіңішке шығанақ орналасқан. Табаны лайлы. Еріген қар суымен толысады. Суы ащы, мал суаруға жарамсыз, жазда кеуіп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы