Бұрғазы Әлібаев (1891, Созақ ауданы, Сызған ауылы – 1975, сонда) – Социалистік Еңбек Ері (23.7. 1948).
1920 – 1940 жылдары Коммуна, Қайнар ауыл шаруашылық артелінің мүшесі болды. 1940 – 1948 жылдары және 1950 – 1957 жылдары жылқы фермасын басқарды. 1948 – 1950 жылдары басқарма төрағасы қызметін атқарды. 1957 – 1959 жылдары Созақ ауданы Сызған кеңшарында жұмыс істеді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1891 жылы туғандар Санат:Созақ ауданында туғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Созақ ауданында қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері