Ботаникалақ сипаттамасы Шағыр тікен – биіктігі 0,5 – 1,5 метрге дейі жететін, екі жылдық шөп тектес өсімдік. Ол ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін арам шөп болып саналады. Сабағы тік өседі, ұш жағында бұтақшалары көп болады. Өсімдіктің өн бойын қысқа түк басып тұрады. Содай – ақ адамның қолына кіретін ащы тікені болады. Жапырақтары ірі, шеттері тікенекті, үлкен – үлкен ойықтары болады. Гүлдері – шар тәріздес, ашық қызыл түсті, сабақтың ұш жағында орналасады. Жемісі – тұқымдық қауашақ. Өсімдік маусым тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамызда піседі. Табиғатта таралуы Республикамыздың оңтүстік облыстарының тастақты беткейлерінде, бос жатқан және егістік жерлерде, далалы аймақта, бау – бақша арасында өсе береді. Дәрілік шикізат ретінде өсімдік гүлдеп тұрған кезде жапырағын және гүл корзиналарын жинап алады. Химиялық құрамы Оның химиялық құрамы толық зерттеліп біткен жоқ. Кейбір зерттеулердің қорытындысы бойынша оның құрамында инсулин, флавноидтар, сапониндер және алколоидтар бар екені анықталды. Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында зәр айдайтын, іш жүргізетін және іріңді жараларды емдейтін дәрі ретінде қолданылады.

Тұнба жасау үшін 40-50 грамын қайнап тұрған 600 мл суға салып, 25 – 30 минут тұндырады да, суытып, дәкемен сүзіледі.

Оны ірі малға – 30 – 80 мл, уақ малға – 10 – 20 мл мөлшерінде күніне 3 рет ішкізіледі. Қою тұнбасыме іріңді жараларды жуып емдейді.

Дереккөздер