Қазалы клубы – мәдени-архитектуралық ескерткіш. 1904 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы құрылысына байланысты салынған. Қазалы станциясында вокзал маңында орнатылған. Жаңа құрылыстармен үлкейтілген, ауданы 64х48 м, күйдірілген кірпіштен қаланған, іші сыланып, ақталған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мұнда теміржолшылардың Мәдениет үйі және кітапханасы орналасқан. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілді. Қазалы клубына қатысты материалдар Алматыдағы «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институты архивінде сақтаулы. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қазалы клубы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.