Мартин Хайдеггер (, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология және теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (Being and time) (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.Lackey, Douglas. 1999. "What Are the Modern Classics? The Baruch Poll of Great Philosophy in the Twentieth Century". Philosophical Forum. 30 (4): 329-46
Жалпы түсіндірме thumb|right|230px|«Болмыс және уақыт» (французша нұсқасы) Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың (Being) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын.Martin Heidegger, Being and Time, pp. 25–26. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.Hermann Philipse, Heidegger's Philosophy of Being p. 173, Notes to Chapter One, Martin Heidegger, Supplements, trans. John Van Buren p. 183.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технология бойынан қарсы тұру қиын жойқын қатерді көрді.Poetry, Language, Thought, p. 60. Хайдеггердің пікірінше, өнер қай-қашанда техниканың қарсы жағы есептелді. Әсіресе Гельдерлин өлеңдеріне сүйеніп, жалаң Технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды.Heidegger, Martin. Poetry, Language, Thought. (New York: Harper Modern Perennial Classics, 2001.), p. 8.
Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі.
Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер (Hans-Georg Gadamer), Ханс Йонас (Hans Jonas), Эммануил Левинас (Emmanuel Levinas), Ханна Арендт (Hannah Arendt), Ксавье Зубири (Xavier Zubiri), Карл Левит (Karl Löwith), Морис Мерло-Понти (Maurice Merleau-Ponty), Жан-Поль Сартр (Jean-Paul Sartre), Жак Деррида (Jacques Derrida), Мишель Фуко (Michel Foucault), Жан Люк Нанси (Jean-Luc Nancy), Филипп Лаку-Лабарт (Philippe Lacoue-Labarthe) қатарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын.
1934 жылы нацистер тағайындаған ректорлықтан бас тартып, нацизмнен бойын аулаққа салғанымен, бәрібір 1933 жылы мамырдан 1945 жылы мамырға дейін неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының мүшесі болуы оның атына үлкен кір келтірді.Source: Hannah Arendt / Martin Heidegger by Elzbieta Ettinger, Yale University Press, New Haven, 1995, page 10 Оның өз сөзімен айтқанда бұл іс оның "өміріндегі ең сорақы ақымақтық" (die größte Dummheit seines Lebens) есептеледі.Quoted by Heinrich Wiegand Petzet, Auf einen Stern zugehen. Begegnungen und Gespräche mit Martin Heidegger 1929-1976, 1983 p. 43, and also by Frédéric de Towarnicki, A la rencontre de Heidegger. Souvenirs d'un messager de la Forêt-Noire, Gallimard-Arcades p. 125 Оны ақтап сөйлеген Ханна Арендт секілді жақтастар оның нацистерді қолдауын "пенделік жеке қателік" ретінде философиясымен қатысы жоқ іс деп есептеді.Hannah Arendt, Martin Heidegger At 80, New York Review of Books, 17/6, (Oct. 21, 1971), 50-54; repr. in Heidegger and Modern Philosophy ed. M. Murray (New Haven: Yale University Press, 1978), 293-303 Ал, оған сын айтқан Эммануил Левинас"Martin Heidegger, Emmanuel Levinas\, and the Politics of Dwelling" by David J. Gauthier, Ph.D dissertation, Louisiana State University, 2004, page 156 және Карл ЛевитKarl Löwith, Mein Leben in Deutschland vor und nach 1933: ein Bericht (Stuttgart: Metzler, 1986), p. 57, translated by Paula Wissing as cited by Maurice Blanchot in "Thinking the Apocalypse: a Letter from Maurice Blanchot to Catherine David," in Critical Inquiry 15:2, pp. 476-477. секілді оқушылары болса Хайдеггердің нацизммен байланысын кешіруге болмайтын моралдық қателік ретінде бағалап, бұл оның идеясының шикілігін көрсетеді деп есептеді.
1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі.
Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.
Ғұмырбаяны thumb|right|300px|Месскирхтегі Mesnerhaus, Хайдеггер осында туып өскен. Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі Месскирхта (Штутгарт қаласының оңтүстігінде 80 км қашықтықта) қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
1913 жылы Генрих Риккерт және Шнайдер секілді ғалымдардың ғылыми жетекшілігінде «Психологизмнің тұжырым ілімі» атты докторлық диссертация қорғады. Ал, оның оқытушылық біліктілігін айқындаған мақаласы «Дунс Скоттың категория және мәнділік ілімі» деп аталды. 1914 жылы ол докторлық атаққа ие болып, "Антикалық және схоластикалық философия мектептері желісі" тақырыбында Фрайбург университетінде сабақ бере бастады. І дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1914 жылы тамызда Мартин Хайдеггер әскерге қатысты. Бірақ, екі ай өткенде денсаулығы сыр беріп, қосыннан шегерілді. 1917 жылы І дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы Хайдеггер Пруссиялық лютеран қыз Эльфриде Петриге үйленді және тағы да әскерге алынды. 1919 жылы оның ұлы Йорг туылды.Note, however, that it was discovered later that one of the two main sources used by Heidegger was not by Scotus, but by Thomas of Erfurt. Thus Heidegger's 1916 doctoral thesis, Die Kategorien- und Bedeutungslehre des Duns Scotus, should have been entitled, Die Kategorienlehre des Duns Scotus und die Bedeutungslehre des Thomas von Erfurt. Source: Stanford Encyclopedia of Philosophy.Die Lehre vom Urteil im Psychologismus. Ein kritisch-theoretischer Beitrag zur Logik (1914). Source: Annemarie Gethmann-Siefert, "Martin Heidegger", Theologische Realenzyklopädie, XIV, 1982, p. 562 thumb|right|200px|Гуссерль 1918 жылы соғыстан оралған соң, Хайдеггер феноменологияның негізін салған әйгілі философ Эдмунд Гуссерльдің ассистенті болды. Хайдеггер Гуссерльдің жетекшілігінде әрі өз білімін шыңдайды, әрі сабақ өтеді. Бұл кезде оның сабақ тақырыбы Аристотель төңірегінде өрбіді. Ол Гуссерль феноменологиясының ықпалына ұшырағанымен, бірақ сабақ мазмұны соншылық Гуссерльшіл емес болатын. 1920 жылы қазанда Фрайбург университетіндегі сабақ сағаты жетіспеген соң Гуссерль Хайдеггерді Марбург мектебінің үлкен өкілі, Марбург университетіндегі Пауль Герхард Наторпқа таныстырады. Ол кезде Хайдеггер Гуссерль бас болып құрастырған «Философия және феноменологиялық зерттеу жылнамасының» VII томында өзінің Аристотель туралы көлемді мақаласын басуға әзірленіп жатқан болатын. Ол 40 беттік қолжазбаны екі нұсқа етіп бастырып, біреуін Наторпқа жіберіп береді. Наторп қолжазбаны оқыған соң қатты таңырқап, жас философтың идеясына тәнті болады да, дереу Гуссерльге қабылдау туралы хабар жібереді.Richard Wolin, Heidegger’s Children: Hannah Arendt, Karl Löwith, Hans Jonas, and Herbert Marcuse (Princeton: Princeton University Press, 2001); Samuel Fleischacker (ed.) Heidegger's Jewish Followers: Essays on Hannah Arendt, Leo Strauss, Hans Jonas, and Emmanuel Levinas (Pittsburgh: Duquesne University Press, 2008) thumb|left|200px|Хайдеггердің Тодтнаубергтегі тау лашығы, «Болмыс және уақыт» кітабы осы лашықта жазылған, өңделген 1923 жылы Хайдеггер Марбург университетінің философия профессоры болады. Бұл кезде ол Тодтнаубергте өзінің Тау Лашығын (the Hütte) салдырып,Being There, a Spring 2007 article on Heidegger's vacation home for Cabinet magazine. «Болмыс және уақытты» жаза бастады. Сол жылы ол Марбург университетінде атағы асқақтаған жаңа профессор болып танылды. Теолог Рудольф Бультманн (Rudolf Bultmann), Эрнст Фридлендер (Ernst Friedländer), Николай Гартман (Nicolai Hartmann), неокантшыл философ Пауль Наторп (Paul Natorp) қатарлылар Хайдеггермен бірге жұмыс жасады. 1925 жылы жазда «Уақыт ұғымының тарихы» атты дәріс қолжазбасын таярлады. Бұл «Болмыс және уақыттың» алғашқы нұсқасы еді. 1925 жылы қыста Хайдеггер ресми профессор болуға ұсыныс жасады. Ол кездегі талап бойынша, ресми профессордың міндетті түрде монографиясы болуға тиіс болатын. Сөйтіп 1926 жылы қаңтардан сәуірге дейін ол тау лашығында оқшау жатып «Уақыт ұғымының тарихы» дәріс қолжазбасын «Болмыс және уақыт» кітабы етіп, алғашқы 240 бетін реттеп шықты. Бұл мезгілде Гуссерль де Тодтнаубергке келіп, оның "дүниедегілік" ұғымын талқылаған екен. Келесі жылы ақпанда «Болмыс және уақыт» «Феноменология жылнамасының» VIII томына енді және жеке кітап болып та басылып шықты. Жарты жылдан кейін Берлиннен ресми профессорлыққа бекіту мәлімдемесі келіп жетті. thumb|right|200px|Мартин Хайдеггердің Месскирхтағы құлыптасы