Перро (Perrot) Жюль Жозеф (18.08.1810, Лион, - 24.08.1892, Параме, Иль және Вилен) - француз балет артисі, балетмейстер. Романикалық балет саласындағы аса көрнекті хореографтардың бірі. Классикалық би бойынша О.Вестристен сабақ алды.

Өмірбаяны 1830 жылы - Өнер жолын Лондоннан бастады. 1830 - 1835 жылдары - Париж Операсында биледі. 1834 - 1848 жылдары - Лондондағы Корольдық театрда қызмет етті 1848 - 1859 жылдары Россияда (Петербургте) қызмет етті.

Қойған негізгі балеттері Ч.Пуньидің: «Ундина» «Эсмеральда» (1843 - 1844) «Катаринасы» (1846) т.б.

Балетмейстер 1836: «Тарантелла» (Лондон) 1841: «Жизель» (Париж) 1842: «Вечерний карнавал» (Лондон) 1844: «Эсмеральда» (Лондон) 1845: «Па-де-катр» (Лондон) 1846: «Парижский приговор» (Лондон) 1848: «Четыре времени года» (на музыку Ц. Пуни, Лондон) 1849: «Фауст» (Милан, «Ла Скала») 1852: «Война женщин, или Амазонки девятого века» (Санкт-Петербург) 1854: «Фауст» (Санкт-Петербург) 1854: «Маркобомба» (Санкт-Петербург) 1855: «Маркитантка» (Сен-Леону, Санкт-Петербург) 1856: «Мраморная красавица» (Санкт-Петербург) 1858: «Корсар» (Санкт-Петербург)

Өнер жолынан аластуы Әдеби шығармалардың мазмұнына терең бойлап отырып, Перро Жюль Жозеф сахналық күшті, жарқын характерлер жасады. 1859 жылы Россиядан кеткеннен кейін, театрдан қол үзді.

Әдебиеттер Крассовская А., Русский балетный театр от возникновения до середины XIX века, Л.-М., 1958

Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер