Машат – Арыс алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Түлкібас, Сайрам аудандарының аралығымен ағады. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 550 км2.

Бастауы Алатау, Машат тауларындағы бұлақтардан Иірсу өзені болып басталып, Машат тауының оңтүстік етегінде Машат өзеніне қосылады. Машат ауылы тұсында Арыс өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Қар, жер асты суымен толығады. Суын егін суғаруға пайдаланады.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы Санат:Түлкібас ауданы өзендері