Қоскөл — Теңіз-Қорғалжын ойысындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданы, Көркем аулының оңтүстік-шығысында 19 км жерде орналасқан. Есіл алабында. Теңіз деңгейінен 332 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді.

Жағалау сипаты Жағалауы жазық, қамыс өскен. Солтүстігінде Шұңқыркөл, шығысында Самарбай, батысында Жарлыкөл, оңтүстігінде Ұзынкөл көлдері жатыр. Суының тұздылығы орташа. Мал суаруға жарамды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы