Фёдоровка — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, аудан және Фёдоров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 78 км-дей жерде, Қостанай – Троицк – Челябі темір жолы мен республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында, Жаман Жаркөл көлінің солтүстік жағасында орналасқан.Қазақ энциклопедиясы.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 7626 адам (3576 ер адам және 4050 әйел адам) болса, 2009 жылы 6410 адамды (2978 ер адам және 3432 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Iргесін 1920 жылы Еділ бойынан көшіп келген Федоров деген мордва шаруасының отбасы қалаған. 1921 жылдан аудан орталығы (1922 – 1923 жылдары уезд орталығы). 1911 жылы Қостанай – Троицк темір жолын салуға байланысты Жаркөл станция бой көтерді. Федоровка ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарынан бастап (1957 – 1997 жылдары) ұжымшар орталығы болды.

Дереккөздер

Санат:Фёдоров ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері