Су ресурстары экологиясы — дүниежүзілік су қорының мәселесі, адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су айдындарының ластануын былайша топтайды: биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және ашуға бейім заттар; химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бұзатын заттар; физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық еріген элементтер, бөлшектер және температура әртүрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауз-судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт 2874-82 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады. Су алабының ластануының негізгі себептері-тазартылмаған ағын суларды өзен,көлдерге жіберу.Оның негізгі көздері: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығында тыңайтқыштардың мөлшерден тыс қолданылуы; шаруышылықтың басқа да салалары.Биология: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстан-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев. - Өңд. 2-бас. - Алматы: Мектеп. 2011.

Дереккөздер

Санат:Экология