Батпақ тенрегі () – тенректер тұқымдасына жататын, Мадагаскар аралында бор кезеңінен, монотипті ондатрға ұқсас сүтқоректі түрі.
Батпақты тенректің денесінің ұзындығы 240-260 мм, ал, құйрығының ұзындығы 120-130 мм. Массасы 60-100 г шамасында. Көбінше түнде аса зор белсенділік танытады.
Мекені Бұл жануар түрі Мадагаскар аралын көптеп мекендейді. Көп уақыт ішінде бұл жануардың ұрпағы қалмаған деп есептеген, дегенмен, біраз уақыттан соң жануар кайта пайда бола бастады. Тенрек көбінше теңіз жағаларында 600-2000 м су үстін мекендейді. Ін қазу арқылы өмір сүреді. Іні судың денгейінен төмен болады.
Ерекшілігі Құлағы кішкентай, дөңгелектеніп келген, көздері кішігірім, саусақтарының арасы қосылып кеткен. Құйрығы өте күшті, квадрат секілді, жүзуге атсалысады. Жүні калың, қысқа және өте жұмсақ.
Қорегі Тенрек көбінше су өсімдіктерімен, сонымен қатар, балықтармен, құрбақа, бақалармен, бунақденелілермен қоректенеді.
Көбеюі Батпақты тенректің көбеюі желтоқсан, ақпан айларында іске асады. Көбінше құрсағында 2-3 тенректен болады. Бұл жануар түрі өте сирек кездесетіндіктен, Кызыл кітапқа енген.
Деректер Жануарлар энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:Тенректер