Транскрипттер - жаңадан түзілген ұзын РНҚ тізбектері, олар тікелей ақуыз синтезіне қатыса алмайды, ферменттер əсерінен модификацияланады. Осылай транскрипциядан кейін РНҚ-ның қайта құрылуы процессинг деп аталады. Процессингтен кейін транскриптер, ізашарлар, "піскен" РНҚ-ға айналады.
Процессингте мынадай реакциялар жатады: ұзын тізекті транскрипттерді қысқарту кейбір РНҚ молекулаларына нуклеотидтерді қосу негіздерді жəне рибоза қалдықтарын модификациялау
Белгілі транскрипттерді бөлшектеп, модификацияланғаннан кейін транспорттық жəне рибосомдық РНҚ-лар түзіледі. Экзо - жəне эндонуклеоазалар белгілі нүктелерде тікелей əсер етеді, ұзын ізашар РНҚ тізбектерін немесе соңынан кесіп, қысқартады.
Эукариоттағы процессинг түрлері Эукариот жасушасының гетерогендік ядролық мРНҚ-ның модификациясы күрделі жолмен жүреді. мРНҚ-ның көпшілігінде 3 түрлі процессинг болады. бөріктеу жəне метилдеу полиаденилдеу интрондарды бөліп шығару жəне экзондарды бірге қосуБиохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы.
Санат:Молекулалық-генетикалық процесстер Санат:Ақуыз биосинтезі