Жұмабаев Қызыр Ыбырайұлы (1943 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Мамен ауылы) – қоғам қайраткері. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Павлодар облысы Баянкөл, Көкшетау облысының Уәлиханов, Қызылту аудандарында бас мал дәрігері болып жұмыс жасаған. Уәлиханов ауданы Гагарин атындағы кеңшарда (1974 – 79), Рузаев ауданы Шарық кеңшарында (1979 – 83) директор, Чистополь халық депутаттары кеңесінің төрағасы (1983 – 87), Көкшетау облысы агроөндіріс комитеті төрағасының орынбасары, Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің 1-хатшысы (1987 – 91), Еңбекшілдер ауданы әкімш-нің (1992 – 93), Көкшетау облысы әкімшілігінің басшысы (1993 – 96) қызметтерін атқарған. ҚР-ның депутаты. Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Көкшетау облысының әкімдері