Өтелімділік - шаруашылық қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Ол жұмсалған шығын мен алынған нәтижелердің арақатынасы ретінде есептеледі.

Түрлері: күрделі қаржы жұмсалымының өтелімділігі - күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің осы жұмсалымның арқасында алынған экономикалық нәтижеге катынасы; негізгі өндірістік қорлардың өтелімділігі - қор кайтарымы мен қор сыйымдылығының коэффициенттерімен айқындалады; материалдық-өндірістік шығындардың өтелімділігі - материалдық сыйымдылықтың коэффициентімен айқындалады; еңбек етушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығынның өтелімділігі - жалақы мен өндірістің құндық көлемінің арақатынасымен айқындалады.Қаржы-экономика сөздігі. Алматы

Дереккөздер

Санат:Экономикалық терминдер