Майбалық – Ақмола облысы, Есіл алабындағы ағынсыз көл.
Географиялық орны Астана қаласының оңтүстігінде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 14,6-21,1 км 2-ге дейін өзгеріп отырады. Ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,7 км. Орташа тереңдігі 1,5 м. Су жиналатын алабы жатық; оңтүстік-шығыс жағасы жарлы, биіктігі 3-4 м, қалған бөлігі көбіне түйетайлы. Майбалыққа көктемде солтүстігінен Қарасу, оңтүстігінен Қызылсу жылғалары құяды. Минералдары шамалы. Көлден жылына 25-30 т мөңке балық ауланады (2002). Суы шаруашылыққа пайдаланылады, ал алабы - шабындық. Жағалауында Нұрбай ауылы орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Есіл су алабы Санат:Целиноград ауданы көлдері