«45 жыл» () — 2015 жылы жарыққа шыққан британдық фильм—драма. Режиссері Эндрю Хэй. Фильмнің сценарийі ағылшындық жазушы Дэвид Константайнның әңгімесінің негізінде жазылған. Басты рөлдерде Шарлотта Рэмплинг және Том Кортни. Фильмнің тұсаукесері 2015 інші жылы Берлиндік Халықаралық кинофестивалінде болды.
Мазмұны Кейт (Шарлотта Рэмплинг) және Джефф Мерсер (Том Кортни) — егде жастағы, баласыз отбасылық жұп. Олар Англия провинциясындағы Норфолк графтығында өмір сүреді және өздерінің 45 жылдықтарын атап өту жайлы ойлары болды. Осындай себеппен олар мейрам өткізуді жоспарлайды, бірақ соңғы 5 жылда олар 40 жылдық мерейтойларын атап өте алмай қалған болатын. Оған себеп Джеффтің ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Кенеттен Джеффке хат келеді. Оның ішіндегі хабарлама Швейцарлық Альпаларда Катяның денесі табылғаны жайлы болатын. Катя – көп жыл бұрын ромпантикалық қатынаста болған неміс қызы. Бірақ Катя жан түршігерлік оқиғада қайтыс болған болатын. Ол Кейтпен үйленуінен 5 жыл бұрын, мұз жарға құлап жан тапсырған еді. Кенеттен пайда болған естеліктер және сонымен қатар «Егер де Катя тірі болса, не болатын еді?» деген сұрақ Джеффті қатты толғандырады.
Рөлдерде АктерРөлШарлотта РэмплингКейт МерсерТом КортниДжефф МерсерДжеральдин ДжеймсЛенаДолли УэллсСэллиДэвид СиблиДжорджСэм АлександрКрис, пошташыРичард КаннингемУоткинс мырзаРуфус РайтДжейк
Түсірілімдер Бүкіләлемдік фильмнің тұсаукесері 2015 жылдың 6 ақпанында 65-інші Берлиндік халықаралық кинофестивалда болды. Ұлыбританиядағы тұсаукесері 2015 жылы 28 тамызда болды.
Сындар Жалпы алғанда сыншылардың сындары жағымды болып келді. Rotten Tomatoes сайтында сыншылардың 37-ісінен 97%-і фильмге жағымды жақсы баға берді. Metacritic сайтында фильмнің рейтингі 92 %.
Марапаттар мен номинациялар 2015 жыл — екі сыйлық «Күміс аю» ең жақсы әйел рөлі (Шарлотта Рэмплинг) және «Күміс аю» ең жақсы ер адам рөлі (Том Кортни). 2015 жыл — екі сыйлық Эдинбургтік кинофестиваль: ең үздік британдық фильм және үздік британдық актриса (Шарлотта Рэмплинг). 2015 жыл — сыйлық Халықаралық Вальядолидадағы кинофестиваль: үздік әйел рөлі(Шарлотта Рэмплинг). 2016 жыл — «Оскар» сыйлығы: ең үздік әйел рөлі ушін (Шарлотта Рэмплинг).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Ұлыбритания драма-фильмдері Санат:2015 жылғы Ұлыбритания фильмдері