Орналасуы Қостанай облысы, Бейімбет Майлин аудандық "Әйет" мешіті
Әйет мешіті Таран аудандық мешітінің орналасқан жері: Қостанай облысы,Таран ауданы, Таран селосы, Советская көшесі 58 үй. Индекс: 111700 тел: 8 - 71436 3-64-77. Таран аудандық мешітінің сипаттамасы: бұрынғы кинотеатр ғимараты толықтай мешітке сәйкестендіріле қайта жөндеуден өтіп, 1999 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
Мешіт жерінің жалпы көлемі – 0,2038 га. Мешіт ғимаратының көлемі – 291.0 шаршы метр. Сыйымдылығы – 300 орындық. Ғимараттың биіктігі – 6м 30 см. Көлемі – 1658. Сәулеттік сипаты - екі мұнара, бір күмбезді. Мешіт іші қолдан жазылған және дайын түрдегі аяттармен безендірілген. Күмбездің биіктігі – 4м., диаметрі - 6м.; Екі мұнараның биіктігі – 6м. Мешіт ауласында шаруашылық заттар қойылатын шағын үй орналасқан көлемі – 38.9 шаршы метр. Қосымша отын жабдықтары қойылатын үй-жай бар, көлемі-141.2 шаршы метр.
Сілтемелер http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/meshetkaz003.html
Санат:Қазақстан мешіттері