Атамекен — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Атамекен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-дей жерде.

Халқы 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 22428 29294

Тарихы 2007 жылы Өмірзақ ауылына қарасты "Жалын", "Атамекен", "Арай", "Қаламқас", "Шағала", "Арман", "Көктем", "Тамшалы", "Туған ел" және "Болашақ" тұрғынжай алаптарының негізінде құрылған.Мұнайлы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Инфрақұрылымы Ауылда 2 мектеп бар. Ауыл тұрғындарына 1 жедел жәрдем, 2 БМСККО орталығы қызмет көрсетуде. Ауылда мәдениет үйі және аудан әкімі қолдауымен ашылған Атамекен аула клубы жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы 2016 жылға қарай ауыл бойынша мал бас саны: ірі қара мал – 70, қой- ешкі 435, жылқы – 5, түйе – 4, шошқа –97 құрайды.

Дереккөздер

Санат:Мұнайлы ауданы елді мекендері