Эдуард Келвин Кендалл (, 8 наурыз, 1886, Норуолк, Коннектикут, АҚШ — 4 мамыр, 1972, Принстон, Нью-Джерси АҚШ) — америкалық химик, «бүйрек үсті безінің гормондар қатысты ашылулары, олардың құрылымы және биологиялық әсерлері үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1950 жылғы лауреаты (Тадеуш Рейхштейн және Филип Хенчпен бірге).
Өмірбаяны Эдуард Кендалл өмірге 8 наурызда 1886 жылы Саут-Норуолкте келген. 1910 жылы Колумбия мемлекеттік университетін бітірді. 1911-1914 жылдары Нью-Йорк клиникасында қызмет етті, ал 1914 жылы Рочестер клиникасында істеді. 1921-1951 жылдары Миннеаполистегі Миннесота университетінде физиологиялық химия профессоры қызметінде болды. 1952-1972 жылдары Принстон университетінде химия профессоры қызметін атқарды.
Эдуард Кендалл 1972 жылы 4 мамырда Принстонде өмірден озды.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері гормондар биохимиясына арналған. Тироксинді (1914) және кортизонды ашты (1948). Глутатионның кристаллдануын зертеді және құрылымын анықтады.
Қоғамдағы қызметі Швец корольдік ҒА мүшесі. Америкалық Ғылым және өнер академиясы мүшесі (1951-72). Басқа да ғылыми академия мен ғылыми қоғамдағы қызметтері.
Марапаттары 1950 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы.
Сілтемелер Эдуард Кендаллдің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны. Эдуард Кендаллдің Нобельдік дәрісі .
Санат:АҚШ медиктері Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері