Жүсіпбек Тәшірбайұлы Сүлейменов (13 шілде 1947 жылы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде туған) — ғалым. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006).

Толығырақ Жүсіпбек Тәшірбайұлы 1947 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке Би кентінде дүниеге келген. 1971 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. 1974 жылы Мәскеу химия технологиялық институты аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы Қазақ химия-технологиялық институтының, «Жалпы силикат-тар технологиясы» кафедрасының кіші ғылыми қызметкері 1971 – 74 жылдары Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық инсти-тутының аспиранты 1974-77 жылдары Құрылыс материалдар кафедрасының аға оқытушысы, жалпы инженерлік факультет деканының орынбасары 1977-1992 жылдары Құрылыс материалдары кафедрасының доценті қызметін атқарушы, сырттай оқу проректорының орынбасары, құрылыс материалдары және топы-рақтану кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректорының міндетін атқарушысы 1992-98 жылдары Жамбыл гидромелиорациялық құрылыс институтының ректоры 1998-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарГУ проректоры 2008-11 жылдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің проректоры 2011 жылдан бастап Құрылыс материалдар және конструкциялар кафедрасының меңгерушісі;

Шығармашылығы Строительные материалы на основе местного сырья, Жамбыл, 1993; Строение и свойства силикатных и других неметаллических тугоплавких материалов, А., 1997. 160-қа жуық ғылыми еңбектің, оқу құралының авторы, 34 авторлық куәлік пен патент алған.

Ғылыми атақтары 1988 жылы Техника ғылымдарының докторы 1989 жылы профессор құрметті ғылыми атағы 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Мемлекеттік марапаттары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің күміс медалі (КСРО); Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің қола медалі (КСРО); 2006 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағы; 2012 жылы президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді;

Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері