Құрғақ өзен – Есіл өзені алабындағы өзен. Боқсық өзенінің сол жақ саласы.

Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінің, Ақкөл ауданының батыс бөлігінің жерімен ағып өтеді.

Бастауы Ақкөл ауданының Наумовка ауылынан шығысқа қарай 3 км жерден бастау алады. Өзенге 4 шағын сала қосылады. Боқсық өзені сағасына Құрғақ өзені 59 км жерден, Ярославка ауылының маңынан, Астана қаласынаң солтүстік-батысқа қарай 170 км жерден құяды. Өзен суы еріген қар суымен толығады. Жазда кішігірім бөліктерге бөлініп қалады. Наумовка ауылының маңында қардың еріген суын тоқтату үшін топырақтан тұрғызылған бөгет бар.«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бұланды ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы Санат:Ақкөл ауданы өзендері