Өсек, Үсек – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Панфилов ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 164 км, су жиналатын алабы 1970 км2.
Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік сілемдері – Тоқсанбай, Тышқантау жоталарындағы мұздықтардан басталып Ілеге құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғары және орта бөлігінде таулы жерлермен ағады. Ағыны қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Талды ауылы тұсында 15,7 м3/с. Өзен бойындағы балшығының емдік қасиеті бар. Алабы – жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Іле су алабы