Теміржан Жәнібекұлы Хамитов (1962 жылы туған) – қоғам қызметкері.

Білімі Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1988) бітірген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) бітірген.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1980 ж. Целиноград ауданы Ильинов кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Целиноград ауыл шаруашылық институтының №2-оқу-шаруашылық бөлімшесінде механик, бригадир, №2-бөлімшенің басқармасы, өндірістік істер жөніндегі директордың орынбасары (1988 – 94), бас инженер (1994 – 97) жұмыстарын атқарған. «Шұбар» шаруа қожалығының басшысы. Шалқар ауданы ауыл шаруашылық бірлестігінің директоры (1997 – 98) «Барыс» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (1998 – 2000) Шұбар аудандық округінің әкімі (2000 – 01) Сандықтау ауданы «Подлесное» ЖШС-тің директоры (2001 – 03) Сандықтау ауданының әкімі (2003 – 04) Қорғалжын ауданы «Ақмол 2003» ЖШС-тің директоры Ақмола облысы табиғатты пайдалану басқармасының бастығы (2004 – 05) Ақмола облысы сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы (2005 – 06) қызметтерінде болған. 2006 жылдан Еңбекшілдер ауданының әкімі.

Қоғамдық жұмыстары «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы (2006 жылдан).

Марапаттары «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі; «Тыңға 50 жыл» (2005) медалі; ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Хамитова Райхан Рахымжанқызы, үй шаруасында. Қыздары - Анар (1988 жылы туған), Айғаным (1989 жылы туған), Зибаш (1993 жылы туған), Әлия (1997 жылы туған), Жәмилә (2008 жылы туған); ұлы - Болат (1996 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік заң академиясы түлектері Санат:Сандықтау ауданының әкімдері Санат:Біржан сал ауданының әкімдері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегерлері