Құмкөл — Сарысу алабындағы көл.
Географиялық орны Мыңадыр тауларының солтүстік-батысыныда. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Аралтөбе ауылының оңтүстігінде 7 км жерде орналасқан. Солтүстік-батысында Жұмырткөл көлі, солтүстігінде Сәмек, оңтүстігінде Толағай таулары бар. Теңіз деңгейінен 430 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 2,9 км2, ұзындығы 2,4 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,7 км. Көлге солтүстігінен Жосалы өзені құяды. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы көлдері Санат:Сарысу су алабы