Шаңтөбе — Ақмола облысы Степногорск қалалық әкімдігіне қарасты кент, Шаңтөбе кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1956 жылы қаланған.

Географиялық орны Степногорск қаласынан бастысқа қарай 251 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен47304214 3443 81,7 1947 1567 80,5 2267 1876 82,8

Кәсіпорындары Кентте кеніш кәсіпорны «Шаңтөбе» ЖШС, шұжық цехы, 2 наубайхана, жел диірмені, 3 дәмхана, 3 шаштараз, фотосалон, 2 дәріхана, ТЖО, қонақ үй, киім, аяқкиім тігу шеберханасы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, балалар бақшасы, Жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, аурухана, балалар кітапханасы, музыка мектебінің бөлімшесі, мәдениет үйі бар. Ең жақын темір жол станциясы – Атбасар (96 км).

Дереккөздер

Санат:Степногорск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері