нобай|Тоқмақтағы мешіт Тоқмақ () — Қырғызстанның Шу облысындағы облыстық бағыныстағы қала. 2003-2007 жылдары облыс орталығы болған. thumb|left|240px|Тоқмақтың биіктен көрінісі Географиясы Қырғызстанның солтүстігінде, Шу аңғарында, Шу өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан, өзен бойының қала аумағында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы өтеді. Тоқмақтан солтүстікке және оңтүстікке қарай Тянь-Шань сілемі: оңтүстікке — Қырғыз жотасы, солтүстікке — Іле Алатауы созылып жатыр.
Тарихы Қазіргі Тоқмақ ХІХ ғасырдың басында (1825-1830) Қоқан бекінісі ретінде құрылған болатын. Кейіннен, 1862 жылы бекіністі орыс әскерлері басып алып, қиратып тастады.
Кейінірек, бұрынғы Қоқан бекіністерінің орнына орыс бекіністері қалана бастады. 1864 жыл мамыр айының басында, Тоқмақ бекінісінің қирандыларының орнында Верныйдан келген полковник Черняевтің отряды орналасты да 1864 жылы 13 мамырда Тоқмақ орыс бекінісін орнықтырды.
1867 жылы Тоқмақ қала статусына ие болды және Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысындағы өзімен аттас Тоқмақ уезінің орталығы болды. Уезд орталығы 1878 жылы Пішпек қаласына ауыстырылды. Осыдан кейін Тоқмақ қала мәртебесінен айырылған болатын. 1927 жылы Тоқмақ қайтадан қала мәртебесін алды.
Халқы ЖылХалық саны 200953 231 200357 000 199959 409 198972 927 197958 003 197042 116 195928 806
2009 жылғы Қырғызстанның халық санағы деректері бойынша: қырғыздар — 24911 адам немесе 46,8 %, орыстар — 10913 адам немесе 20,5%, Дүнгендер — 8790 адам (16,5%), өзбектер — 4556 адам немесе 8,6 %, сондай-ақ, татарлар, ұйғырлар, қазақтар, немістер, украиндар да тұрадыҚырғызстан халқының санағы 2009..
Бауырлас қалалар Волоколамск, Ресей Волоколамск и киргизский Токмак стали городами-побратимами Можайск, Ресей.
Дереккөздер
Сілтемелер Тоқмақ қаласының мэриясы — Қалалық мэрия. Тоқмақ қаласының кенеші — Қалалық кенеш. Тоқмақ қаласының жаңалықтары — Жаңалықтар сайты. Тоқмақ қаласының форумы — Қалалық форум.
Санат:Қырғызстан қалалары Санат:Шу ауданы (Қырғызстан) елді мекендері