Талсуат — Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Талсуат ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Қызылорда қаласынан солтүстік–батысқа қарай 9 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Бұрынғы атауы – "Александровское". 1853-54 жылдары қыстаққа Ресейден жер аударылып, көптеген орыс отбасы келген. Ол кезде бұл елді мекен №18 Талсуат ауылдық кеңесі, «Колос» колхозы деп аталған. Кейінірек қазақ халқы орыстардың еңбегіне риза болып, ауылды «Александровский» деп атап кеткен.« Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 471 адам (233 ер адам және 238 әйел адам) болса, 2009 жылы 677 адамды (340 ер адам және 337 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Қызылорда қалалық әкімдігі елді мекендері