Сатыбалды Аймағанов, Аймұхамедов (1882, Біржан сал ауданы — 1962) — халық ақыны, жырау.

Өмірбаяны Арғын арасындағы Қаңлы руынан шыққан. Халықтың ауыз шығармашылығын жинап және оны таратушы, дастандар шығарушы, додалы айтыстарға қатысқан. Белгілі дастандары: «Айсары-Шорман» «Таттыбай мен екі батыр» «Азамат ерлер». 1946 ж. Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған Ақмола облысы бойынша экспедиция мүшелеріне Аймағанов «Айсары-Шорман» дастанын орындап берді. Шығарманының толық мәтіні М.Әуезов атындағы ҚР ҰҒА Әдебиет институты қорында сақтаулы."Қазақ Энциклопедиясы"“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1882 жылы туғандар Санат:Біржан сал ауданында туғандар Санат:1962 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақ жыраулары Санат:Қазақстан фольклоршылары Санат:Айтыс ақындары