Фернандо Морьентес Санчес (исп. Fernando Morientes Sánchez;) — Испания құрамасының футболшысы, 1976 жылы 5 сәуірде Касерес қаласында дүниеге келгенhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7531. ""Реал"", "Монако", "Ливерпуль", "Валенсия", "Марсель" клубтарында жәні Испания ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.

Өмірбаяны 1993 жылы 7 қарашада тұңғыш рет "Альбасете" — "Тенерифе" кездесуінде алаңға шықты. 1995 жылы "Альбасетеден" "Сарагосаға" ауысты. 1997 жылы Мадридтің "Реалына" шақырту алды да, корольдық клуб сапында әйгілі хорватиялық Давор Шукермен бірге шабуыл шебінде өнер көрсетті.

1998 жылы 25 наурызда алғаш рет Ұлттық Құрама сапында алаңға шықты. 1998, 2000, 2002 жылдары Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. "Реалға" Роналдо келген соң Морьентес көбіне қосалқы құрамда қалып кете берді. Сол себепті де келесі жылы "Реалдан" кетті.

Ол "Монако" сапында жасындай жарқылдады. УЕФА Чемпиондар Лигасының 2003-04 жылғы маусымындағы ширек финалда бұрынғы клубы "Реалға" екі рет гол соқты да, байырғы командаластарын жарыстан шығарып жіберді. 2004 жылы жазда командаға қайта шақырылғанымен, бәрібір "Реал" сапындағы Дэвид Бекхэм, Роналдо, Майкл Оуэн секілді жұлдыздардан бұған орын да босамады. Кейінгі жылдары "Ливерпуль" (2005-2006), "Валенсия" (2006-2008), "Марсел" (2008-2010) командаларында өнер көрсеткен талантты футболшы 2010 жылы 34 жасында карьерасын тәмамдады.

Жетістіктері Командалық Үш дүркін Чемпиондар Лигасының жеңімпазы — 1998, 2000, 2002 Екі дүркін Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы — 1998, 2002 Еуропа Суперкубогының иегері — 2002 Испания чемпионы — 2001, 2003 Франция чемпионы — 2009

Жеке жетістігі 2003-04 жылғы Чемпиондар Лигасының үздік мергені Дереккөздер

Сілтемелер «Олимпик Марсель» сайтындағы профилі «Ливерпуля» сайтындағы профилі Liverbird.ru Статистикасы

Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Испания футболшылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары