Дүйсенбі Ахун мешіті – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, киелі нысан.

Орналасқан жері Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде.

Сипаты Төртбұрыш тәрізді (9.60х24.20 м), солтүстік-шығысында сегіз қырлы сүйрік мұнарасы бар, мұнара қаңылтырмен қапталған, биіктігі 19 м. Қабырғасы күйдірілген қызыл кірпіштен өрілген. Дүйсенбі аһун Имашұлының басшылығымен халық қаржысына тұрғызылған. Мешітті салуға Орынбор және Уфа қалаларынан шеберлер қатысқан. Жергілікті халық шөмекей руының тоқа аталығынан болуына қарамастан, оның құрылысында Еділ бойы халықтарының ою-өрнектері салынған.Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Қазақстан мешіттері